ҚОҒАМ

Кадр аз өңірлерге қоныс аударатындарға 7 миллион теңгеге дейін берілмек

Қазақстанда кадр тапшылығы байқалатын өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы жаңартылуда, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, енді экономикалық ұтқырлық сертификатының ен жоғары мөлшері 7 миллион теңгеге дейін (1 625 АЕК) жетеді. Бұл қаражатты жаңа өңірде тұрғын үй сатып алу үшін пайдалануға болады.

Бағдарлама қатысушыларына тұрғын үйді жалдау, коммуналдық қызметтер мен көшуге байланысты шығындар бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар жұмысқа орналасуға жәрдем беріледі.

Жаңа бағдарламалық өзгерістер маман тапшылығы байқалатын өңірлерге білікті кадрларды көбірек тартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, кадр тапшылығы байқалатын өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы цифрлық форматқа ауысты. Өтініш беру шарттарымен, сұранысқа ие мамандықтармен, өңірлер картасымен және бос жұмыс орындарымен migration.enbek.kz. порталында танысуға болады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61