БІЛІМ
Қазақстанда балаларды мектепке дайындау бойынша науқан басталады. 1 тамыздан бастап Жалпыға міндетті білім қоры аясында әлеуметтік осал санатқа жататын 450 мыңнан астам балаларға көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, науқан 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Мектеп формасы, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алу үшін жергілікті бюджеттен шамамен 23 миллиард теңге қарастырылады.
2026 жылы көмектің көлемі 10 пайызға артты. Бір балаға 50 851 теңге қолдау көрсетіледі.
Бұл науқан ата – анасыз қалған, әлеуметтік көмек алатын және қиын жағдайдағы балаларға қарастырылған.
Жәрдемақы алу үшін ата – аналар немесе заңды өкілдер баланың оқитын мектебіне жүгініп, қажетті құжаттарды тапсыруы тиіс.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61