САЯСАТ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 31 шілде күні Шолпан-Атаға барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ақорда парақшасынан
Бұл сапардың мақсаты – Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу.
Қазақстан Президенті оны дәстүрге сай ықыласпен күтіп алғаны және кездесуді өткізу туралы бастама көтергені үшін Қырғызстан Президентіне ризашылық білдірді.
«Қырғыз халқы - қазақ халқы үшін бауырлас ел. Біздің арамызда қалыптасқан достық, сенім, туысқандық және өзара қолдау – ата-бабамыздан өсиет болып қалған қасиетті аманат. Қазіргі таңда біз Қырғызстанның қарқынды дамуына куә болып отырмыз. Сіздер қол жеткізіп жатқан әр жетістікке шын жүректен қуанамыз, - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы осы кездесу өзекті мәселелерді талқылау мен серіктестіктің алдағы басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Президенттің айтуынша, «Өзара сенімнің нығаюы мен өңірлік ынтымақтастықтың қарқынды дамуының арқасында Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді өткеріп жатыр.
Маңызды шартқа қосылғаны үшін Қазақстан Президенті Түрікменстан Президентіне алғыс білдірді.
Мемлекет басшысы Әзербайжанның Консультативтік кездесулердің мүшесіне айналуы осы форматтың дамуына жақсы серпін беретінін айтты.
Қазақстан Президентінің сөзінше, бірлескен күш-жігер арқылы саяси диалогты тереңдетуге, инвестиция, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы әріптестікті кеңейтуге, бірыңғай көлік-логистикалық жүйесін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға болады. Ол өңірішілік сауда өсіп, бірлескен инвестициялық жобалардың көбейгенін атап кетті. Президенттің айтуынша, мәдениет, білім және жастар саясаты бағытындағы байланыстардың күшеюі бауырлас халықтарды одан әрі жақындатуға әсер етеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61