БІЛІМ

Қазақстанда 13 тамыздан бастап мұғалімдер үшін заң қабылданады

2026 жылғы 13 тамыздан бастап №309 – VIII Қазақстан Республикасының заңы қабылданады. Заңда мұғалімдердің мәртебесіне, білім беру саласына, денсаулық сақтау жүйесіне және баланың құқықтарын қорғауға байланысты өзгерістер енгізілген, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз 

Басты өзгерістердің бірі – сабақ барысында смартфондарды пайдалануға тыйым салынуы. Бұл тыйымның үзіліс кезінде де қолданылатыны туралы қосымша нақтыланады.

Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша, ережелер еліміздегі барлық мектептер үшін бірдей болады. Орын алған оқиғалар үшін мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының басшылары кәсіби міндеттерін орындау барысында ғана жауапты болады. Сонымен қатар бір мезгілде есепті қағаз және электронды форматта қатар жүргізуді талап етуге рұқсат берілмейді.

Сондай - ақ, ұғалімдер үшін өз міндетіне кірмейтін жұмыстарды орындауға жол берілмейді. Лауазымдық міндеттеріне қатысы жоқ іс – шараларға қатысуды талап етуге тыйым салынады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61