ҚОҒАМ
Елордалық полиция қызметкерлері «Триатлон» саябағының аумағында қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Ішкі істер органдарының мәліметінше, 19 жастағы азамат досын туған күнімен құттықтау мақсатында саябақ ішінде рұқсатсыз пиротехникалық бұйымдарды жаққан. Тәртіп бұзушының бұл әрекеті заңнама талаптарына қайшы деп танылды.
Сот шешіміне сәйкес, аталған азаматқа қатысты 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қолданылды.
Полиция департаменті белгіленген ережелерді сақтамай, қоғамдық орындарда пиротехникалық заттарды пайдалану тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, тыныштығын бұзатынын ескертеді. Тәртіп сақшылары мерекелік шаралар қоғамдық тәртіпті бұзуға негіз болмауы тиіс екендігін қаперге салады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61