САЯСАТ

Тоқаев телекөпір арқылы үш жаңадан автокөлік жолының құрылысын бастап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысын ресми түрде бастап берді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Бұл жобалар Қазақстанның өсіп – өркендеуіне септігін тигізетін маңызды бағыт. Сондай – ақ елді Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көлік буынына айналдырады.

Ең ірі жобалардың бірі – 800 км болатын «Бейнеу – Сексеуіл» бағыты болады. Бұл бағыт Қытайдан Еуропаға тасымалдау жолдарын шамамен 1000 километрге қысқартып, жеткізу уақытын үш күнге азайту жоспарлануда. Сонымен қатар «Қызылорда – Сексеуіл» мен «Ұлғайсын – Сексеуіл» бағытының ұзыңдығы 774 км болатын құрылыс жұмыстары басталуда.

Президенттің айтуынша, жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстандағы компаниялар тартылып, 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын болады. Телекөпір арқылы автокөлік жолының құрылысы 2029 жылдың соңына қарай аяқталуы жоспарлануда.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61