ҚОҒАМ

Астанада жасанды интеллект бойынша III Халықаралық олимпиада өтуде

Астанада жасанды интеллект бойынша III Халықаралық олимпиада басталды. Оған 106 елден 500-ден астам мектеп оқушысы қатысып жатыр. Мемлекет басшысы іс-шараның ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

«Білім әрдайым адамдарды біріктіріп, жетістікке жетуіне ықпал етеді. Мүмкін, осы олимпиадада әлемді жақсартуға бағытталған жаңа идеялар мен жобалар пайда болады, - деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстан цифрлық технологияларды енгізу бойынша өңірдегі көшбасшы елдердің бірі болып саналады және Қазақстанның цифрлық болашағы жасанды интеллектпен байланысты.

Ал өткен жылы Пекинде өткен олимпиадада Қазақстандық оқушылар үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61