Саясат

Жамбыл Ахметбеков: «Бұл жолғы сайлауда жеңетініме сенемін»

Сайлау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан коммунистік халық партиясының үміткері Жамбыл Ахметбековті 6 мамырда орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді.

Сайлау комиссиясының дерегіне қарағанда, Ахметбеков Қазақстанның 16 өңірінен 138 294 қол жинаған. Комиссия оның 135 506-сын есепке алған. Қазақстан президенттігіне кандидат болу үшін үміткер 118 140 қол жинауы тиіс.

Ахметбеков қол жинауды 29 сәуірде бастап, 4 мамырда аяқтаған. Кандидат "бұл жолғы сайлауда жеңетініме сенемін" дейді.

- [Сайлауға қатысуда] тәжірибем бар. Бұл жолғы сайлауда өзімді таныстыру кампаниясын жүргізбеймін. Халық мені таниды. Бұл жолы әлеуметтік мәселелерге ден қоямыз, - деді Ахметбеков.

Жамбыл Ахметбеков бұған дейін де - 2011 жылы өткен президент сайлауына қатысқан. Сол жылғы сайлауда Назарбаев - 95,55, Ахметбеков 1,36 пайыз дауыс алған.

Ахметбеков 2012 жылдың 20 қаңтарынан бері - мәжіліс депутаты.

Бұған дейін ОСК "Нұр Отан" партиясы сайлауға үміткер ретінде ұсынған Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен "Ұлы дала қырандары" қозғалысы ұсынған үміткер Сәді-Бек Түгел, "Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы" ұсынған Амангелді Таспиховті, "Ақ жол" партиясы ұсынған Дания Еспаеваны, "Ауыл" партиясы ұсынған Төлеутай Рақымбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеген.

Азаттық радиосы