ҚОҒАМ
Тойда тілектің орнына діни уағыз айтқан ер адамның видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тараған болатын. Өнер иелерін «шайтанның азаншысы» деп, дәстүрлі той форматын сынға алған ер адамға қатысты ІІМ қылмыстық іс қозғалатынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Оқиға Түркістан облысындағы тойлардың бірінде болған. Бейнежазбада ер адам музыка бар жерде ерлер мен әйелдердің бірге отыруын шариғатқа қайшы деп бағалады. ІІМ мәлімдеуінше, ер адамның сөздерінде діни және әлеуметтік алауыздықты қоздыру белгілері байқалған.
«Адамның ар-намысын қорлау, діни, әлеуметтік немесе басқа да белгілер бойынша кемсітуге бағытталған кез келген жария үндеулерге, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікке зиян келтіретін әрекеттерге рұқсат берілмейді», - деп хабарлады Ішкі Істер Министрлігі.
Министрлік сондай-ақ сөз бостандығы мен міндеттерін бұзуға болмайтыны жөнінде атап өтті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61