ДАМУ

Өзбекстан қазақстандық кәсіпкерлерді Uzum маркетплейсіне тартуға дайын

Ресейдегі Wildberries қоймаларына жасалған шабуылдар салдарынан туындаған қиындықтардан кейін Өзбекстан тарапы қазақстандық кәсіпкерлердің жергілікті Uzum маркетплейсіне шығуына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Бұл туралы Forbes Kazakhstan басылымына Қазақстанның Электронды сауда кәсіпкерлері ассоциациясының басшысы Хамит Кашиков мәлімдеді, деп жазады Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Spot.uz

Хамит Кашиковтың айтуынша, өзбекстандық серіктестер Қазақстан мен Қырғызстан сатушылары үшін ашық екенін жеткізген. Жергілікті өкілдер шетелдік бизнесмендерге бизнесті тіркеу, консультация беру және платформаға сәтті орнығу кезеңінде толық сүйемелдеу қызметін ұсынуға әзір.

Шетелдік кәсіпкерлер үшін бұл алаңда жұмысты бастау тәртібі біршама жеңілдетілген. Жаңа нарыққа шығу үшін Өзбекстан аумағында жеке кәсіпкерлікті тіркеп, жергілікті банкте шот ашу, сондай-ақ Uzum Market платформасынан өту жеткілікті. Ассоциация сарапшыларының бағалауынша, бұл процестердің барлығы шамамен үш-төрт күнді ғана алады.

Тіркеу процедуралары аяқталған соң сатушылар Өзбекстан селлерлер ассоциациясына жүгіне алады. Аталған ұйым Uzum өкілдерімен бірлесе отырып, онлайн-дүкенді іске қосуға көмектеседі және маркетплейсте сауда жүргізудің тетіктерін түсіндіреді.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Uzum алаңында сауда жасайтын қазақстандық сатушылардың үлесі әлі де аз. Мұндай жағдай отандық кәсіпкерлер үшін көршілес елдің электронды коммерция нарығын иемденуге мүмкіндік береді.

Өзбекстандық ассоциацияның мәлімдеуінше, жергілікті маркетплейсте үйге арналған тауарлар, балалар мен спорт өнімдері, туризм, балық аулау және автотауарлар санаттары бойынша бәсекелестік төмен. Ал ең жоғары бәсекелестік смартфондар сегментінде байқалып отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61