ҚОҒАМ

Ломбардтан алынған қарыз несие тарихына әсер етпейтін болады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие бюроларының жұмысына жаңа өзгерістер енгізуде, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Бұған дейін ломбардқа алтын бұйымдар немесе тұрмыстық техника кепілге қойылып, қайтарылмаған жағдайда азаматтардың несие тарихында мерзімі өткен берешек ретінде сақталған. Бұл ипотека, автонесие мен басқа да қаржылық өнімдерді алу мүмкіндігіне кедергі келтірген.

Өзгертулерге сәйкес, ломбардқа кепілге қойылған мүлік арқылы төленген қарыздар бойынша мерзімі өткен төлемдер мен айыппұлдар несие тарихында сақталмайды. Қарыз толық өтелгенше ол тек «Жарамды» деген мәртебемен белгіленеді.

Сонымен қатар бөліп төлеу арқылы сатып алынған тауарлар жөніндегі мәліметтер несие тарихына енгізіледі және азаматтардың соңғы алты айдағы құмар ойындарға жасаған төлемдері несие бюроларына жіберіледі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдеуінше, кредит алуға берілген өтінімдер мен шешімдер несие бюросында нақты уақыт режиміне дейін көрсетілетін болады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61