ҚОҒАМ

Өзбекстанда Samarkand-2028 жерсерігі ұшырылды

Өзбекстанның алғашқы «Samarkand-2028» жерсерігі теңіз платформасынан ғарышқа ұшырылды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Бұл жоба Қытайдың «Star.Vision» компаниясы мен Өзбекстандағы ғарыш агенттігінің бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асырылды.

«Samarkand-2028» жерсерігінің борттық жүйесіне Өзбекстандық мамандардың әзірлеген жасанды интеллект модулі орнатылған. Бұл технология гиперспектралды деректерді тікелей орбитада өндеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде ақпаратты беру мен талдау тиімді түрде жүзеге асырылады. 

Жерсеріктен алынатын деректер ауыл шаруашылығын, қала құрылысы мен экологияны, су ресурстарын бақылау үшін қолданылады. Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу шараларында да пайдалану жоспарланған.

Өзбекстан билігінің мәлімдеуінше, бұл жоба елдің ғарыш бағдарламасындағы ең ірі халықаралық бастамалардың бірі болып есептеледі. Сондай-ақ Өзбекстан мен Қытай арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді.

Аппарат атауы 2028 жылы Самарқандта өтетін Халықаралық астронавттар конгресінің құрметіне берілген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61