ҚОҒАМ
Аппарат «Болашақ ойындар 2026» жобасы аясында іске қосылды. Демонстрациялық ұшу арнайы рұқсат етілген аймақта жасалды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Телеграм парақшадан
Әуе көлігі сағатына 130 шақырым жылдамдыққа дейін ұшып, 35 шақырым қашықтықты еңсере алады.
Бұл жобаны өмірге енгізудің бастапқы кезеңінде басты назар туристік бағыттарды дамытуға аударылмақ. Жоспарға сәйкес, ұзақтығы 5 минуттан 30 минутқа дейін созылатын демонстрациялық әуе саяхаттары ұйымдастырылады. Тұрғындар мен меймандар Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи көрікті жерлерін құс биіктігінен тамашалауға мүмкіндік алады.
Заманауи ұшқышсыз ұшу аппаратының қолданыс аясы тек туризммен шектелмейді. Болашақта бұл технология төтенше жағдайлар мен медицина саласында таптырмас көмекшіге айналмақ. Әсіресе, шұғыл медициналық көмек көрсету, шалғай аймақтарға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу және өртті жедел сөндіру сияқты қиын тапсырмаларды орындауда маңызы зор. Сонымен қатар цифрлық әуе транзиті логистика саласында да өзгеріс жасауға қабілетті. Қалалық инфрақұрылымдағы кептелісті азайту, жүктерді жылдам мекенжайға жеткізу және өндірістік бағыттардағы қатынасты жеңілдету үшін ұшқышсыз борттардың тиімділігі жоғары деп бағаланып отыр.
Елордадағы бұл сәтті демонстрация Қазақстанның интеллектуалды және цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыруға дайын екенін көрсетті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61