ҚОҒАМ

Қазақстандықтар Түркияға жеке куәлік арқылы кіре алуы мүмкін

Түркия түркі мемлекеттері арасындағы еркін қозғалысты жеңілдетуге арналған «Turkic ID» бастамасын кезең-кезеңімен жүзеге асыруды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Жобаның негізгі мақсаты – ұйымға мүше елдердің азаматтарына шетелдік төлқұжатсыз, тек ұлттық жеке куәлікпен саяхаттау мүмкіндігін жасау. Жоба арқылы Түркі әлеміндегі интеграцияны күшейтіп, туризмді дамытуға мүмкіндік қарастырылған.
 
«Түркі елдерінен Түркияға жыл сайын шамамен 3,5 млн турист келеді. Ал Түркиядан бұл елдерге 1 млн-нан астам адам саяхаттайды. Біз бұл көрсеткіштерді арттыруымыз керек», - деді Түркі мемлекеттерімен байланыс басқармасының төрағасы әрі Әділеттілік және даму партиясы төрағасының орынбасары  Күршад Зорлу.
 
Жеке куәлікпен саяхаттау мүмкіндігі Қазақстан мен Қырғызстан, Қырғызстан мен Өзбекстан, Түркия мен Әзербайжан арасында екіжақты форматта қолданылады.
 
«Turkic ID» жобасы толық енгізілген жағдайда бұл тәжірибе Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында кеңінен қолданылуы мүмкін. Соның нәтижесінде азаматтар шетелдік төлқұжат рәсімдеуге уақыт жоғалтпай, жеке куәлікпен-ақ өзге түркі мемлекеттеріне еркін қатынай алады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61