МӘДЕНИЕТ

46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы: Ел намысын кімдер қорғайды?

2026 жылдың 15-27 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға Қазақстан әйелдер құрамасының қатысатындығы туралы Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Ұлттық құрама тізіміне Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет, Зарина Нұрғалиева кірді.

Команда капитаны – Павел Коцур.
 
Олимпиаданың ашылу салтанаты 15 қыркүйекте өтсе, жарыстар 16-27 қыркүйек аралығында өтеді. 11 турдан тұратын жарыс Швейцария жүйесі бойынша өткізіледі. Биылғы олимпиадаға әлемнің 400-ден астам командасы қатысатын болады.
 
Айта кетейік, 2024 жылы Будапештте өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы тарихи күміс жүлдені жеңіп, ел намысын жоғары дәрежеде қорғаған болатын.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61