МӘДЕНИЕТ
10 тамыз — хакім Абайдың жарық дүниеге келген күні. Атаулы күнге 2020 жылы «Абай күні» деген ресми мәртебе берілді. Ұлы ақынның мол рухани мұрасы — ұлттық кодымызды танып-білудің және бағалаудың ең биік өлшемі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай күніне» орай Қазақстан халқына тілегін арнады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы ұлы ақынның ілімін халықтың моральдық бағдаршамы деп атап, «Толық адам» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Бұл ұғым – өзін-өзі жетілдіру мен рухани даму жолы.
Құттықтауында Президент Ұлы Абайдың ой-пікірлерін елдегі жүргізіліп жатқан саяси реформалармен байланыстырды. Сонымен қатар жаңа Конституцияның қабылдануынан кейін билік институттарының жаңару кезеңі басталғанын жеткізді. Ұлы ойшыл болашақты білімге, еңбекке, жауапкершілікке, бірлік пен татулыққа байлады.
"Бұл өзгерістердің түпкі мәні – жасампаздық құндылықтарын азаматтардың санасына сіңіріп, Қазақстанның тың қарқынмен дамуына жол ашу. Біз қоғамда жаңа этиканы қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту және гуманистік идеалдарды дәріптеу барысында әрдайым Абайға жүгінеміз. Ұлы ақын халықтың болашағы үшін білімпаздық, еңбекқорлық, жауапкершілік сынды қасиеттер өте маңызды екенін ұғындырды, көрегендік танытып, жұртты бірлік пен келісімді сақтауға шақырды. Абай қара сөздерінің тағылымы қазіргі Қазақстанның құндылықтарымен толық үндеседі. «Адал Азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» тұғырнамалық идеялары – Абай армандаған берекелі қоғамның берік негізі. Сондықтан, біз Әділетті, Озық әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз", – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Абай мұрасын «Адал азамат», «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» мемлекеттік жобалармен байланыстырды.
Президенттің айтуынша, Абай даналығы қазіргі Қазақстанның дамуындағы негізгі құндылықтар мен мақсаттардың бастамасы.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61