БІЛІМ

Грантқа түспеген талапкерлерге Асхат Аймағамбетов кеңес берді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов мемлекеттік білім грантын аларда сәтсіздікке ұшыраған жастарға үміт үзбеуге кеңес берді, деп хабарлайды Bugin.kz. 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Асхат Аймағамбетов гранттан басқа да өңірлік гранттар арқылы жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндіктер бар екенін жеткізді.

"Жергілікті әкімдіктер бөлетін гранттарына назар аудару қажет. Әкімдіктер жыл сайын жергілікті бюджет есебінен мыңдаған гранттарды ұсынса, "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры да арнайы гранттық бағдарламалар ұйымдастырады. Сонымен қатар, грант иегерлерінің арасында түрлі себептермен гранттан бас тартқандар болады. Бос гранттар ҰБТ нәтижесіне сәйкес келесі үміткерлерге беріледі. Тағы бір мүмкіндік — ақылы бөлімге түсіп, оқу барысында жақсы нәтижеге қол жеткізгеннен кейін босаған мемлекеттік грантқа ауысу. Кейбір оқу орындары өздерінің ішкі гранттарын да бөледі. Сондай-ақ «Gap year» әдісімен де грантқа түсуге мүмкіндік бар. Бір жыл бойы дайындалып, ҰБТ-ны қайта тапсыру жолы да тиімді болуы мүмкін. Бұл әдісті өзім де қолдандым", - деді Асхат Аймағамбетов. 

Қазіргі уақытта техникалық мамандарға сұраныс жоғары. Колледжді тәмамдап, қысқартылған бағдарлама бойынша жоғарғы білім алу мүмкіндігі бар екенін атап өтті мәжіліс депутаты.

Депутат талапкерлерге барлық мүмкіндіктердің әлі де сақталып тұрғанын еске салады. Ал толық ақпарат алу үшін университеттердің қабылдау комиссияларына хабарласуға кеңес береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61