ДАМУ

"Қазақмыс" Жезқазғандағы зауытын жаңартуға 25,2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді

"Қазақмыс" корпорациясының хабарлауынша, биыл Жезқазған мыс балқыту зауытына 25,2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның басым бөлігі негізгі металлургиялық жабдықтарды күрделі жөндеуге бағытталған, деп жазады Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Инвестицияның 15.9 миллиард теңгесі балқыту цехындағы кен-термиялық пеш, анод пештері мен конвертер блогын жаңартуға жұмсалады. Бұл шара технологиялық процестің сенімділігін арттырумен қатар, жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзартады.

Қосымша технологиялық жабдықтарды жаңартуға 3,6 миллиард теңге бөлінді. Қазіргі таңда мыс электролизі цехында жаңа көпірлі кран орнатылуда. Сондай-ақ балқыту және жылу-энергиямен жабдықтау цехтарындағы ескі құю машиналары мен турбоайдағыштар да жаңартылады.

Өндірістік нысандар мен жұмысшылардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсартуға да назар аударылды. Бұл мақсатқа 4,4 миллиард теңге бағытталды. Қазіргі уақытта цехтардың шатырлары қалпына келтіріліп, градирняға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.

Ал балқыту цехының әкімшілік-тұрмыстық кешеніндегі жуынатын бөлмелерді жаңарту жұмыстары жақында аяқталады.

Бұдан бөлек, крандарға қауіпсіз қызмет көрсетуге арналған арнайы алаң құру үшін қосымша 1,4 миллиард теңге бөлу жоспарлануда.

Жезқазған мыс балқыту зауытын кешенді түрде қайта жаңарту – компанияның ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі болмақ. Корпорация зауыттың тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, өндірістің экологиялық тұрақтылығын арттыру және жұмысшылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру мақсатына да баса назар аударып отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61