ҚОҒАМ
Түркістан облысында құқық бұзушылық фактілерін видеоға түсіріп, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдаған азаматтарға 43 250 теңгеге дейін сыйақы төленеді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Бұл тәртіп алдымен Астана қаласында енгізілген болатын. Енді аталған тәртіп Түркістан облысында да қолданысқа енгізілмек. Тиісті қаулыға 3 тамызда қол қойылып, 4 тамызда Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілді. Құжат ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Кез келген бейнематериал үшін сыйақы төленбейді. Ең алдымен, бейнетаспада көрсетілген құқық бұзушылық фактісі расталуы тиіс. Сонымен қатар аталған құқық бұзушылықтың бұған дейін автоматты бейнебақылау камералары, полиция қызметкерлері, лауазымды тұлғалар немесе басқа да азаматтар тарапынан тіркелмегені тексеріледі.
Сыйақы алуға ниет білдірген тұлға жасырын түрде хабарлама бере алмайды. Сыйақы алу үшін белгіленген нысанда өтініш толтырып, онда өзінің ЖСН-ін, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, тұрғылықты мекенжайын және банк шотының реквизиттерін көрсетуі қажет.
Құқықбұзушылық туралы деректі «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі, «102» мобильді қосымшасы немесе полицияның кезекші бөлімі арқылы беруге болады.
Осы талаптар жасалған жағдайда ғана азаматқа белгіленген тәртіппен сыйақы төлеу мәселесі қаралады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61