ҚОҒАМ

Астанада электросамокаттарды пайдалану тәртібі өзгереді

25 тамыздан бастап Астана қаласында электрсамокатпен тротуарларда жүруге тыйым салынады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Электрсамокат пайдаланушылары веложол немесе веложолақ арқылы жүруге міндетті. Веложолақ болмаған жағдайда, жолдың оң жақ шетімен қозғалуына рұқсат етіледі. Сондай-ақ электрсамокат жүргізушілерінің жасы 18-ден асқан болуы, жүргізуші куәлігі мен қорғаныш шлемі болуы қажет екені ескерілген. Электросамокатпен жолаушы тасымалдауға тыйым салынады.
 
Қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында кикшеринг сервистері кәмелетке толмаған пайдаланушылардың аккаунттарын, сондай-ақ электрсамокатпен жолаушы тасымалдаған пайдаланушылардың аккаунттарын бұғаттайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61