ҚОҒАМ

Тайландта әйелдерге төрт күйеуге дейін некеге тұруға рұқсат беру ұсынылды

Таиландта премьер-министрлікке үміткер Монгколкит Суксинтаранонт әйелдерге төрт ер адамға дейін некеге тұруға рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Мұндай құқыққа қатысу үшін барлық тараптың өзара келісімі болуы шарт.

Саясаткер бұл бастамасын гендерлік теңдік қағидатымен түсіндірді. Оның пікірінше, кейбір мәдениеттерде ер адамдарға бірнеше әйелмен некеде тұруға рұқсат етілсе, әйелдерге де осындай құқық берілуі тиіс.
 
Сонымен қатар бұл ұсыныс әзірге тек сайлауалды бастама ретінде қарастырылуда. Аталған норма қолданыстағы заңнамаға енгізілген жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61