ҚОҒАМ

Тайландтан есірткі әкелмек болған Қазақстандық 16 жылға сотталды

Алматы қаласында аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз тасымалдау және олардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылды. Қазақстан Республикасының 22 жастағы азаматы 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Алматы қаласының соты Қазақстан Республикасының 22 жастағы азаматын аса ірі мөлшердегі есірткі заттарының контрабандасы және оларды заңсыз өткізуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сотта анықталғандай, сотталған азамат ақшалай сыйақы алу мақсатында Бангкок қаласынан Қазақстан Республикасына жалпы салмағы 8,8 келі каннабис қоспасы бар екі чемоданды жеткізуге келіскен.
 
Ол Алматы халықаралық әуежайына келген кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен ұсталды. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттары тәркіленді.
 
Сот үкімімен сотталған азаматқа 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61