ДЕНСАУЛЫҚ
Қазақстанда 11 жастан асқан қыз балаларға адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация жүргізілуде. Биыл елге жатыр мойны обыры және басқа да онкологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған «Гардасил-9» вакцинасының алғашқы 160 мыңға жуық дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Вакцинаның 90 мыңнан астам дозасы өңірлік ауруханаларға таратылды. Қалған вакцина көлемін тамыз айында медициналық ұйымдарға жеткізу жоспарланған.
Ал қазан-қараша айларында жергілікті медициналық ұйымдардың қорын толықтыру үшін шамамен 94 мың доза вакцина жеткізіледі.
«Тоғыз валентті «Гардасил-9» вакцинасының ерекшелігі – оның құрамында «Гардасил-4» вакцинасына кіретін төрт серотиппен қатар, қосымша бес онкогендік вирусқа қарсы қорғаныштың болуы. Жаңа вакцина ұлттық егу күнтізбесіне енгізіліп, қолданыстағы вакцинация тәртібіне өзгеріс енгізілмейді. Егер қыз бала вакцинация курсын бұрын «Гардасил-4» вакцинасымен бастаған болса, оны «Гардасил-9» препаратымен жалғастыруға болады», - деді қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Иммунопрофилактика орталығының басшысы Нұршай Әзімбаева.
Қазақстанда адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау жұмыстары екі жыл бұрын басталған. Вакцинация ерікті түрде және кәмелетке толмаған қыз балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61