ҚОҒАМ

Мұғалімдерге ресми мерекелерде сыйақы төленуі мүмкін

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтің педагогтерге ресми мерекелерде арнайы сыйақы төлеу жөніндегі пікірі әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Комитет төрағасының айтуынша, педагогтердің мерекелік ынталандыру төлемдеріне қатысты ұсыныстарын сын немесе дау ретінде емес, мұғалімдерді қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған қоғамдық сұраныс ретінде қабылдау қажет.
 
«Бұл ұсыныстар жергілікті атқарушы органдар мен білім беру саласындағы уәкілетті құрылымдарға педагогтерді ынталандырудың тиімді жолдарын зерделеуге мүмкіндік береді. Педагогтерді қолдау бағытында бірқатар мәселені қарастыруға болады. Атап айтқанда, жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктері шеңберінде педагогтерге ресми мерекелерге орай ынталандыру төлемдерін енгізу мүмкіндігін зерделеу, осы бағыт бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу. Сондай-ақ педагогтердің кәсіби қызметін қолдауға бағытталған өңірлік бағдарламаларды іске асыру мүмкіндіктерін бағалау ұсынылады», – деді Қаныбек Жұмашев.
 
Комитет төрағасы бұл шаралар педагогтерді материалдық және кәсіби тұрғыдан қолдаудың тиімді тетіктерін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61