ҚОҒАМ

Жасанды интеллект Оңтүстік Кореядағы әлеуметтік және кәсіби үрдістерді өзгертуде

Оңтүстік Кореяда жасанды интеллект саласының қарқынды дамуы экономикамен қатар еңбек нарығына, мамандықтардың беделіне және қоғамдағы әлеуметтік мәртебе туралы түсініктерге де әсер ете бастады, деп жазады Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Жасанды интеллекттің жаһандық деңгейде кеңінен таралуы түрлі пікір қалыптастырды. Бір тарап технологиялық мүмкіндіктерге оң баға берсе, енді бірі оның еңбек нарығына ықпалы мен әлеуметтік салдарына алаңдайды. Оңтүстік Кореяда бұл үдеріс экономикалық өзгерістермен қатар қоғамдық өмірге де әсер етуде.
 
«Елдегі технологиялық сектордың өсуі жаңа кәсіби элитаның қалыптасуына жол ашты. Атап айтқанда, жоғары технологиялық өндіріс саласында еңбек ететін мамандардың табысы айтарлықтай өсті. Жекелеген қызметкерлердің жылдық бонустары 400 мың доллардан асуы мүмкін. Бұл жағдай инженерлік және өндірістік бағыттағы мамандықтардың қоғамдағы беделін арттырады. Сондай-ақ оларды дәстүрлі түрде жоғары мәртебелі саналатын дәрігерлік пен заңгерлік кәсіптермен бәсекелес деңгейге шығара бастады», - деп жазды қаржылық ақпарат саласындағы жетекші компания Bloomberg.
 
Сонымен қатар технологиялық сектордың қарқынды дамуы жеке инвестицияларға деген қызығушылықтың артуына ықпал етуде. Жеке инвесторлардың қор нарығына қатысуы күшейіп, технологиялық компаниялардың қаржы нарығына да әсер етіп келеді.
 
Жасанды интеллект төңірегіндегі оптимистік көзқарас қоғамның кәсіби таңдауына ғана емес, жеке өмір мен мәдени ортаға қатысты ұстанымдарға да ықпал етіп келеді. Bloomberg бағалауынша, технологиялық өзгерістер Оңтүстік Кореядағы мансап құру, табысқа жету және әлеуметтік мәртебеге ие болу жөніндегі дәстүрлі түсініктерді қайта қарауға себеп болуда.
 
Айта кетейік, жасанды интеллект Оңтүстік Кореяда тек жаңа технологиялық бағыт ретінде емес, қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылымына ықпал ететін маңызды фактор ретінде қалыптасып келеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61