ҚОҒАМ
Қазақстандық ғалымдар қазақтың биязы жүнді қой тұқымы негізінде мәрмәр қой етін өндіруге арналған технология әзірледі. Жаңа тәсіл ет өнімінің сапасын арттырып, экспорттық нарыққа шығуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ құрамындағы «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мамандары мәрмәр қой етін өндірудің ғылыми негізделген технологиясын әзірледі.
Технология қозыларды қарқынды өсіру мен бордақылаудың тиімді жүйесін қамтиды.
Ғалымдар малдың қоректік қажеттіліктерін ескере отырып, дәнді және ақуызды компоненттер, пробиотиктер, өсімдік тектес қоспалар, премикстер мен минералды заттардан тұратын теңгерімді құрамажем дайындады.
Мұндай азықтандыру жүйесі қозылардың тәуліктік орташа салмақ қосуын арттыруға, зат алмасу процестерін тұрақтандыруға және бұлшықет тінінде майдың біркелкі жиналуына ықпал етеді.
Жаңа технологияны енгізу арқылы сапалы, тағамдық құндылығы жоғары және нарық сұранысына сай қой етін өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар жоба отандық мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп, экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61