БІЛІМ

Натан Томас Гиннес рекордтар кітабына енген ең жас профессор атанды

АҚШ-тың Майами қаласында Натан Томас есімді жас маман 18 жасында инженерия пәнінен сабақ беріп, Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Натан Томастың білім алу жолы ерте жастан басталып, қысқа мерзім ішінде бірнеше академиялық дәрежеге ие болуымен ерекшеленеді.
 
Ол жоғары білімді қатарластарынан әлдеқайда ерте меңгерген Америкалық жастардың бірі. Небәрі 10 жасында колледжде білім ала бастаған.
 
Жасөспірім кезінде Томас математика саласына ерекше қызығушылық танытып, 14 жасында қауымдастырылған дәреже алды. Ал 16 жасында электр инженериясы бойынша бакалавр дәрежесін тәмамдады. Екі жылдан кейін инженерия саласында магистрлік білімін аяқтап, 18 жасында Майами-Дейд колледжінде студенттерге сабақ бере бастады. Осы жетістігі оның есімінің Гиннес рекордтар кітабына енуіне негіз болды.
 
Қазіргі таңда 21 жастағы Натан Томас білім беру қызметін онлайн форматта жалғастырып, студенттерге дәріс береді. Сонымен қатар ол Майами университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алып жатыр.
 
Томастың кәсіби жоспары да ғылым мен құқық салаларын ұштастыруға бағытталған. Ол болашақта STEM бағытындағы зияткерлік меншік құқығы мәселелерімен айналысуды көздейді. Бұл сала ғылыми жаңалықтар мен технологиялық әзірлемелерді құқықтық тұрғыдан қорғауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61