ҚОҒАМ
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлемнің бірқатар елінде байқалып отырған аптап ыстық алдағы қазан айына дейін сақталуы ықтимал, деп жазады Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Мамандар климаттық өзгерістердің негізгі факторларына назар аударып, мемлекеттерді алдын алу шараларын күшейтуге шақырды.
БҰҰ бірнеше өңірде қалыптасқан жоғары температураның ұзақ уақыт сақталуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ұйымның болжамына сәйкес, аномальды ыстық қазан айына дейін бірқатар мемлекеттердің ауа райына әсер етуі ықтимал.
Қазіргі климаттық жағдайға ықпал ететін екі негізгі фактор анықталды. Біріншісі — Тынық мұхитындағы су температурасының қалыпты көрсеткіштен жоғарылауымен сипатталатын Эль-Ниньо құбылысының күшеюі. Екіншісі — адамның қоршаған ортаға әсері. Атап айтқанда, қазба отындарын өндіру және пайдалану көлемінің артуы.
БҰҰ мемлекеттерге климаттың өзгеру салдарын азайтуға бағытталған ұзақ мерзімді әрі жүйелі саясат жүргізуге кеңес берді. Сарапшылардың пікірінше, температураның тұрақты жоғарылауы болашақта құрғақшылық, су тасқыны және нөсер жауын сияқты төтенше табиғи құбылыстардың жиілеуіне ықпал етуі мүмкін.
Биыл жаз айларында климаттық өзгерістердің салдары бірқатар елдерде анық байқалды. Еуропаның бірнеше мемлекетінде ауқымды орман өрттері тіркелсе, Үндістан, Қытай, Пәкістан және Ауғанстанда су тасқындары болды. Табиғи апаттар адам шығынына және инфрақұрылымға елеулі зиян келтірді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61