ҚОҒАМ

Қазақстанда жұмыссыз азаматтар автоматты түрде бос жұмыс орындары туралы ақпар алып отырады

Қазақстанда жұмыс іздеу үдерісін жеңілдетуге бағытталған цифрлық жұмыспен қамту тәсілі іске асырылуда. Енді жұмыссыз азаматтарға олардың біліктілігі мен ерекшеліктеріне сәйкес келетін бос жұмыс орындары автоматты түрде ұсынылады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Цифрлық жұмыспен қамту қызметінің басты қағидаты – азаматтың жұмыс іздеуіне емес, лайықты жұмыс орнының азаматқа өздігінен ұсынылуына басымдық беру. Жүйе жұмыс берушілерден келіп түсетін өтінімдерді талдап, жұмысқа орналасуға қажеттілігі бар азаматтарды автоматты түрде анықтайды.
 
Сәйкес бос жұмыс орындары туралы ақпарат азаматтарға eGov және Enbek.kz мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ «1414» бірыңғай байланыс нөмірінен хабарлама түрінде жеткізіледі.
 
Ұсыныстар азаматтың тұрғылықты өңіріндегі ғана емес, еліміздің басқа аймақтарындағы және шетелдегі бос жұмыс орындарын да қамтуы мүмкін.
 
Бұдан бөлек, азаматтарға кәсіби біліктілігін арттыру, оқыту және қайта даярлау курстарынан өту мүмкіндіктері ұсынылады. Қажет болған жағдайда басқа өңірге қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға қатысты қолдау шаралары да қарастырылады.
 
Қазіргі уақытта цифрлық жүйе жұмыссыз азаматты бос жұмыс орнын іздеуден бастап, қажетті оқудан өтуге және тұрақты жұмыспен қамтылуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61