ҚОҒАМ

Ауғанстанда тәліптер БҰҰ қызметкерлерін қамауға алды

Ауғанстанның Герат қаласында «Талибан» қозғалысының барлау қызметі БҰҰ миссиясының екі қызметкерін қамауға алды. Бұл туралы «Afghanistan International» басылымы мәлімдеді, деп жазады Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Оқиға әйелдердің жағдайына қатысты ақпарат жинау және баяндама әзірлеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін болған.
 
Ақпаратқа сәйкес, қызметкерлер 9 тамыз күні кешкі уақытта Ауғанстанның барлау қызметі тарапынан қолға түскен. Оған дейін олар өңірдегі әйелдердің ұсталуына байланысты жағдайды зерттеп, бірнеше зардап шеккен қызбен сұхбат жүргізген.
 
Герат провинциясында әйелдерге қатысты жаңа шектеулер енгізілуіне байланысты наразылық күшейген. Аталған талаптардың қатарында косметика қолдануға тыйым салу шаралары да бар.
 
БҰҰ миссиясының өкілдері ұсталған қызметкерлерге қандай да бір айып тағылғаны туралы ресми ақпарат берілмегенін мәлімдеді. Сондай-ақ ұйым өкілдеріне олармен кездесуге рұқсат етілмеген. Қазіргі уақытта ұсталған екі қызметкермен байланыс орнату мүмкін болмай отыр.
 
Бұған дейін, дүйсенбі күні Ауғанстанның әділет министрі Абдул Хаким Шараи халықаралық ұйымдардың қызметкерлері жергілікті тұрғындардың келісімінсіз оларды суретке түсіре алмайтынын айтқан. Министр мұндай жағдайларға билік тарапынан тиісті назар аударылатынын мәлімдеген.
 
Қазіргі уақытта БҰҰ қызметкерлерінің ұсталу себептері мен олардың жағдайына қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61