МӘДЕНИЕТ
Қазақ ғылымы мен руханиятына елеулі үлес қосқан көрнекті әдебиеттанушы, жазушы, абайтанушы Тұрсын Жұртбайға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев І дәрежелі «Барыс» орденін табыстады, - деп жазады Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Саясат Нұрбектің телеграм парақшасынан
Қазақ қоғамында үлкенді сыйлау, елге еңбегі сіңген азаматтарды ардақтау дәстүрі айрықша орын алады. Әсіресе ұлттық тарих пен руханиятты зерттеп, кейінгі ұрпаққа құнды мұра қалдырған зиялы тұлғалардың еңбегі қашанда жоғары бағалауға лайық.
Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбайдың саналы ғұмыры қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, тарихи жадын және ұлттық құндылықтарын зерттеуге арналды. Ғалымның Абай мұрасы мен Алаш қайраткерлерінің тағдырын зерделеуге бағытталған еңбектері қазақ руханиятының маңызды мәселелерін терең түсінуге мүмкіндік берді.
Оның ғылыми және шығармашылық ізденістері ұлттық тарихтың назардан тыс қалған тұстарын зерделеп, тарихи сананы жаңғыртуға бағытталды. Жазушы әрі зерттеуші ретінде Тұрсын Жұртбай отандық ғылым мен әдебиетке өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды.
«Мемлекет басшысының жоғары мемлекеттік марапатты табыстауы – ғалымның ұзақ жылғы еңбегіне берілген лайықты баға ғана емес, жалпы ұлттық ғылым, әдебиет және руханият саласына көрсетілген құрметтің белгісі. Тұрсын Құдакелдіұлын І дәрежелі «Барыс» орденімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық ғылым мен мәдениет жолындағы тағылымды еңбегі ұрпаққа өнеге болып, ел игілігіне бағытталған қызметі жалғаса берсін», - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61