ҚОҒАМ

Қазақстанда жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарға 17,3 миллион теңгеге дейін сыйақы беріледі

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабар беретін азаматтарға сыйақы төлеу тәртібі жаңартылды. Тиісті өзгерістер Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа бұйрығымен бекітілді6 деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Жаңа талаптарға сәйкес, азамат ұсынған ақпарат белгіленген тәртіппен тексеріледі. Егер хабарлама негізінде сыбайлас жемқорлық фактісі расталса, материалды арнайы комиссия қарайды.
 
Сыйақының нақты мөлшері пара сомасына немесе құқық бұзушылық салдарынан келтірілген залал көлеміне байланысты анықталады. Кейбір жағдайларда төленетін сыйақы мөлшері 17,3 миллион теңгеден жоғары болуы ықтимал.
 
Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда, тиісті сыйақы өтініш иесінің банк шотына бір ай ішінде аударылады.
 
Бұл ретте қызметтік міндеттеріне байланысты сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға міндетті мемлекеттік қызметшілерге ақшалай сыйақы төленбейді. Олар алғыс хатпен немесе грамотамен марапатталуы мүмкін.
 
Жаңартылған ережелер 22 тамыздан бастап күшіне енеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61