САЯСАТ

Тоқаев АҚШ-та өтетін G20 саммитіне шақырылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысады. Мемлекет басшысының халықаралық жиынға қатысу жоспарын Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

2026 жылғы 14–15 желтоқсанда Майами маңында G20 елдері көшбасшыларының жоғары деңгейдегі кездесуі өтеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке АҚШ Президенті Дональд Трамптың арнайы шақыруымен қатысады.

Қазақстан «Үлкен жиырмалыққа» мүше мемлекеттер қатарына кірмейді. Соған қарамастан, америкалық тарап Қазақстанды халықаралық жиынға шақырылған елдер тізіміне енгізді.
 
Саммитке дайындық аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Пол Капур кездесу өткізіп, алдағы іс-шараның негізгі мәселелерін талқылады.
 
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар G20 саммитінің күн тәртібін нақтылау бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61