СПОРТ

Спорт саласындағы реформалар: бюджеттен 8 миллиард теңге үнемделді

Туризм және спорт министрлігі спорт саласында жүргізіліп жатқан реформалардың алғашқы нәтижелерін жариялады, деп жазады Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанда спортты мемлекеттік қаржыландыру жүйесін қайта қарау аясында бірқатар шара жүзеге асырылып жатыр. Министрліктің мәліметінше, қабылданған шешімдердің алғашқы нәтижесінде бюджет қаражатын едәуір қысқартуға мүмкіндік туған.

Атап айтқанда, кәсіби спорт клубтарын қаржыландыруға шектеу енгізіліп, легионерлердің шығынын бюджет есебінен өтеу тоқтатылды. Осы шаралардың нәтижесінде 8 млрд теңге мемлекеттік қаржы үнемделген.
 
Босаған қаржының маңызды бөлігі балалар спортына бағытталды. Спорт мектептеріндегі бір тәрбиеленушіге жылына бөлінетін қаражат 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Қазіргі уақытта жас спортшыларды даярлауға арналған қаржыландыру көлемі екі есеге жуық өсті.
 
Сонымен бірге жаттықтырушы-оқытушылардың еңбекақысын арттыру жұмыстары басталды. Қазір олардың жалақысы 30 пайызға көбейген. Спорт мектептеріндегі мамандардың біліктілігін бағалау мақсатында тестілеу де жүргізілуде. 3 511 жаттықтырушы-оқытушы тиісті тестілеуге қатысқан.
 
Министрлік бұл реформалар мемлекеттік қаражатты тиімді жұмсауға, балалар спортын дамытуға және спорт саласындағы мамандарды қолдауға бағытталғанын атап өтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61