ҚОҒАМ

Астанада ата-аналар қазақ сыныбының ашылуына қарсылық білдірді

Астана қаласында ата-аналар арасында мектептегі қазақ сыныбының ашылуына байланысты пікір қайшылығы туындады. Бір топ ата-ана қазақ тілінде білім беретін сыныптың ашылуына қарсылық білдірген. Оқиға әлеуметтік желіде талқылануда, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Stels_unk парақшасынан

Алдын ала мәлімет бойынша, ата-аналар өз ұстанымдарын мектеп өкілдеріне жеткізген. Олардың нақты қандай себептерге байланысты қарсылық білдіргені әзірге толық нақтыланған жоқ.

Мектептегі сыныптарды қалыптастыру мәселесі білім алушылардың саны, ата-аналардың өтініштері және білім беру ұйымының мүмкіндіктері ескеріле отырып шешіледі.

Оқиғаға қатысты Астана қаласының білім басқармасы мен мектеп әкімшілігінің ресми түсініктемесі күтіледі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61