САЯСАТ
2026 жылғы 7 тамызда Меккеде Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан басшылары «Мекке бірлескен қорғаныс келісіміне» қол қойды. Құжат үш мемлекеттің қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылын кеңейтіп, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған, деп жазады Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Үш елдің жиынтық әскери әлеуеті шамамен 1,4 миллион әскери қызметкерді, 3,4 мыңнан астам ұшақты, 6 мыңға жуық танкті және 344 әскери-теңіз техникасын қамтиды.
Келісімге сәйкес, тараптардың біріне жасалған қарулы шабуыл үш елге жасалған шабуыл ретінде қарастырылады. Бұл қағида НАТО-ның ұжымдық қорғаныс тетігіне ұқсайды. Сонымен бірге Түркия тарапы келісімнің қандай да бір нақты мемлекетке қарсы бағытталмағанын және оның қорғаныстық сипатта екенін атап өтті.
Жаңа формат аясында жоғары деңгейдегі саяси және әскери консультациялар өткізу, бірлескен әскери жаттығулар ұйымдастыру, барлау және қауіпсіздік саласындағы ақпарат алмасуды күшейту көзделіп отыр. Ынтымақтастық құрлық, әуе, теңіз және киберкеңістік бағыттарын қамтиды. Сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі саласында бірлескен жобалар мен технология алмасу мәселелеріне басымдық берілмек.
Сонымен қатар Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістанның қорғаныс саласына жұмсайтын жалпы жылдық шығыны 124 миллиард доллардан асады. Бұл көрсеткіш жаңа келісімнің әскери және экономикалық әлеуетін айтарлықтай арттырады.
Келісім басқа мемлекеттердің қосылуына да ашық.
«Болашақта Египеттің жаңа қауіпсіздік форматына қосылу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Алайда оның нақты мүшелік мәселесі әзірге түпкілікті шешілген жоқ»,- деді Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61