ТЕХНОЛОГИЯ

Қазақстандықтар кремацияға қатысты шешімін eGov арқылы алдын ала тіркей алады

Қазақстан азаматтарына қайтыс болғаннан кейін кремация жасауға қатысты өз еркін алдын ала білдіруге мүмкіндік берілді. Жаңа электронды қызмет арқылы азаматтар өз шешімін eGov порталында тіркей алады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Енді азаматтар қайтыс болғаннан кейінгі рәсімге қатысты өз ұстанымын алдын ала белгілей алады.

«Кремацияға қатысты тірі кезінде ерік білдіруді тіркеу» қызметі eGov порталында қолжетімді. Оны «Денсаулық сақтау» бөлімі, одан кейін «Медициналық көмек» санаты арқылы табуға болады. Қызметті онлайн режимде шамамен 15 минут ішінде рәсімдеуге мүмкіндік бар.

Электронды қызметте екі нұсқа қарастырылған. Азамат кремацияға келісімін тіркей алады немесе бұған дейін қабылдаған шешімін кері қайтара алады. Өтінішті электрондық цифрлық қолтаңба, QR-код немесе жүйеде қолжетімді басқа растау тәсілдерінің бірі арқылы бекіту қажет.

Кремацияға берілген келісімді азамат кез келген уақытта өзгертіп, қайтарып ала алады. Бұл ретте адамның кремацияға қатысты қандай шешім қабылдағаны туралы ақпарат оның қайтыс болғаны ресми түрде тіркелгеннен кейін ғана қолжетімді болады.

Тірі кезінде бұл мәліметтер басқа адамдарға ашылмайды. Ақпаратқа қол жеткізу тек заңнамада белгіленген жекелеген жағдайлар шеңберінде жүзеге асырылады.

Жаңа қызмет азаматтарға қайтыс болғаннан кейінгі рәсімге қатысты өз еркін алдын ала заңды түрде білдіріп, оны электронды форматта тіркеуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61