ТЕХНОЛОГИЯ

АҚШ Қытайда өндірілген гуманоид роботтардың импортына шектеу қойды

АҚШ билігі Қытайда өндірілген жаңа гуманоид және төрт аяқты роботтардың ел нарығына кіруіне шектеу енгізді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Америкалық тарап мұндай құрылғылардың дерек жинау, бақылау және қашықтан басқару мүмкіндіктеріне алаңдайтынын мәлімдеді. Вашингтонның пікірінше, шетелдік роботтарға тәуелділік кибершабуылдар мен жеткізу тізбегіндегі ықтимал үзілістер арқылы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін.
 
Вашингтон бұл шешімді ұлттық және киберқауіпсіздік талаптарымен, сондай-ақ стратегиялық технологиялар мен жасанды интеллект инфрақұрылымын қорғау қажеттілігімен түсіндірді.
 
Қытай тарапы Вашингтонның шешімін сынға алып, АҚШ-ты қытайлық компанияларды негізсіз қараламауға шақырды. Сондай-ақ өз кәсіпорындарының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.
 
Сонымен қатар АҚШ билігі отандық робототехника өндірісін дамыту және стратегиялық технологиялар саласындағы тәуелсіздікті күшейтуді көздейді.
 
Бұл шешім Қытайдың робототехника саласындағы позициясына да әсер етуі ықтимал. Сараптамалық бағалаулар бойынша, Қытай әлемдік гуманоид роботтар нарығының шамамен 85 пайызын бақылайды. Сондықтан жаңа шектеулер қытайлық өндірушілердің АҚШ нарығына шығуын қиындатып, екі ел арасындағы технологиялық бәсекені күшейте түспек.
 
Қазіргі уақытта робототехника мен жасанды интеллект саласындағы бәсекелестік АҚШ пен Қытай арасындағы кең ауқымды технологиялық қақтығыстың жаңа бағытына айналып отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61