ҚОҒАМ
Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында студенттерді жатақханамен қамтуға арналған республикалық Ахуалдық орталық іске қосылды. Мұнда жатақханадан орын ала алмаған білім алушыларға орналастыру мәселесі бойынша жедел көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Орталық Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған. Орталықтың қызметі жаңа оқу жылы кезеңінде студенттердің жатақханаға орналасуына байланысты туындайтын мәселелерді жедел шешуге бағытталған.
Ахуалды орталық Алматы қаласындағы Бегенбай батыр көшесі, 142 мекенжайында орналасқан университет ғимаратында жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – еліміздің жоғары оқу орындарында білім алатын студенттерге жатақханадан орын табуға және қажет болған жағдайда уақытша тұратын жермен қамтамасыз етуге қолдау көрсету.
Жатақханаға орналасу кезінде қиындыққа тап болған немесе жоғары оқу орындарының цифрлық жүйелері арқылы орын ала алмаған студенттер Ахуалдық орталық мамандарына жүгіне алады. Мамандар әрбір өтінішті жеке қарап, қолжетімді орындар туралы ақпаратты зерделейді. Бос орын болған жағдайда студентті тиісті жатақханаға орналастыруға жәрдемдеседі. Сонымен қатар қажеттілік туындаған кезде серіктес ұйымдар ұсынатын уақытша тұру орындарын қарастыруға мүмкіндік бар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61