ҚОҒАМ
World Boxing халықаралық федерациясының президенті және Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин украиналық «Миротворец» бейресми интернет-ресурсының деректер базасына енгізілді, деп хабарлайды Bugin.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Kazinform
Дереккөздердің хабарлауынша, бұл қадамға World Boxing халықаралық халықаралық ұйымының ресейлік спортшыларға қатысты бұрын енгізілген шектеулерді жою туралы шешімі себеп болған. Ұйымның жаңа ережелеріне сәйкес, аталған елдердің боксшылары халықаралық турнирлерге өздерінің ұлттық рәміздерімен — мемлекеттік туы мен әнұранымен қатысу құқығына ие болды.
Айта кетейік, 2014 жылы құрылған «Миротворец» сайты бейресми веб-ресурс болып табылады және Украинаның ресми мемлекеттік органдарының құрылымына кірмейді. Платформа ресурсты құрастырушылардың жеке бағалауы бойынша Украинаның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп есептелген саясаткерлердің, қоғам қайраткерлерінің, өнер жұлдыздары мен журналистердің жеке деректерін жариялаумен белгілі.
Базаға енгізілу заңды тұрғыдан халықаралық құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды және Украина билігі тарапынан ресми айып тағу немесе сот шешімі болып табылмайды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61