ҚОҒАМ
Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын алдағы күндері жарықтың жоспарлы түрде өшірілуі күтіп тұр. «Алатау Жарық Компаниясы» (АЖК) АҚ 17 тамыздан 21 тамызға дейін қаланың бірнеше ауданында электр энергиясын уақытша шектеу кестесін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Жөндеу жұмыстарының кестесі мен уақыты
Коммуналдық қызметтің хабарлауынша, электр энергиясын өшіру жұмыстары негізінен сағат 08:00 немесе 09:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар жоспардан тыс апаттық немесе шұғыл жөндеу жұмыстары туындаған жағдайда, көрсетілген мерзімдердің өзгеруі мүмкін екені де ескертілді.
Өшіру шаралары қаланың барлық аудандарына қарасты РЭС-1, РЭС-2, РЭС-3, РЭС-4, РЭС-5, РЭС-6 және РЭС-7 электр желілері аймағын қамтиды.
Шағынаудандар: Айгерім-1, Айгерім-2, Шаңырақ-1, Шаңырақ-2, Түркістан, Байбесік, Қарағайлы, Тастыбұлақ, Ақжар, Қалқаман-2, Таусамалы, Алғабас, Өжет, Рахат, Бағанашыл, Ақбұлақ, Таугүл, Ақсай-4, Қуаныш және т.б.
Аулалар мен орталық көшелер: Сәтбаев, Жарроков, Мыңбаев, Төле би, Райымбек, Абай, Құрманғазы, Төлебаев, Достық даңғылы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Навои, Бухар Жырау, КөкТөбе және Самал-1, Самал-2 шағынаудандарының біршама бөліктері.
Энергожүйедегі соңғы апаттық жағдай
Еске сала кетейік, 14 тамыз күні Алматыда және Алматы облысында кенеттен электр энергиясы өшіп, үлкен апатиялық жағдай орын алған еді. ҚР Энергетика министрлігі бұл оқиғаны Орталық Азия энергожүйесі тарапынан қуаттың күрт ауытқуымен түсіндірді.
«АЖК» өкілдері тұрғындардан жоспарлы жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарап, электр құрылғыларын алдын ала желіден ажыратып қоюды сұрайды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61