ҚОҒАМ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда резонанс тудырып отырған тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Мүфтият өкілдері тұрмыстық қатыгездіктің кез келген көрінісі дәстүрлі Ислам құндылықтарына және гуманистік нормаларға түбегейлі қайшы келетінін атап өтті.
Мүфтият ұсынған тұжырымдамаға сәйкес, Ислам шариғатында әйел затының мәртебесі «Алланың ер азаматқа сеніп тапсырған аманаты» ретінде айқындалады. Осыдан келіп, аманатқа қиянат жасау, яғни отбасы мүшелеріне физикалық немесе психологиялық қысым көрсету – моральдық әлсіздік пен құқықтық әрі рухани жауапсыздықтың индикаторы ретінде бағаланады. Бұл ретте діни басқарма неке институтының негізі өзара сыйластық пен моральдық міндеттемелерге сүйенетінін атап көрсетеді.
Мәлімдемеде отбасылық қақтығыстардың социалды-психологиялық аспектілеріне де талдау жасалған. Тұрмыстық кикілжіңдер кезіндегі бақылаусыз эмоциялар мен ашу-заңның арты өкінішке ұласып, әйелдің психологиялық саулығына өмір бойы жазылмайтын залал келтіреді. ҚМДБ мәлімдемесі бойынша, шаңырақ әрбір адам үшін қауіпсіздік пен эмоционалды тұрақтылықты қамтамасыз ететін институционалды орта болуы тиіс.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әйелге қысым көрсетуді моральдық әрі діни нормаларға қайшы екенін еске салады. Басқарма әйелдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оған қамқор болуды ер азаматтың тікелей парызы ретінде атап өтті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61