Weekend
Жаңа ресурстық орталық Сырдарияның сол жағалауында орналасқан.
«Әрине, аға ұрпақтың ізгі ісі – жастарға оң жағдай жасау. Биылдың өзінде аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 500 млн-нан аса қаржы қаралса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жариялаған биылғы "Жастар жылына" орай қосымша 70 млн қаржыға жаңа бастамалар бірінші кезекте қолдау тапты», - деді аймақ басшысы.
Бүгінде Сыр өңірінің 510 түлегі Ресей Үкіметі грантымен Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі инженерлік жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Ал, 900 жуық дарынды да талапты ауыл балалары облыс әкімінің арнайы грантымен республиканың озық жоғары оқу орындарында аймаққа қажетті мамандықтарды игеруде. Сонымен қатар, 4,5 мыңнан астам сырбойылық жас «Серпін» бағдарламасы аясында орталық, шығыс-солтүстік аймақтарының оқу орындарында оқып жатыр.