БІЛІМ
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі білім сапасын бағалау саласындағы әлемдік көшбасшы – ETS (Educational Testing Service) халықаралық ұйымымен ынтымақтастық шеңберінде Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін кешенді жаңғыртуды бастады. Негізгі мақсат– ұлттық бағалау жүйесін халықаралық талаптарға сәйкестендіру және түлектердің дайындық деңгейін арттыру, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Іске асырылып жатқан реформа аясында Ұлттық бірыңғай тестілеу парадигмасы сапалық өзгеріске ұшырайды. Жаңа формат тестіленушілердің теориялық білімін тексерумен шектелмей, олардың аналитикалық ойлау, функционалдық сауаттылық және практикалық дағдыларын бағалауға бағытталады. Бұл тәсіл түлектердің академикалық дайындығын өмірлік әрі кәсіби міндеттерді шешу қабілетімен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Стратегиялық бастама түлектердің жаһандық және ұлттық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді көздейді. Заманауи құзыреттіліктерге бағдарланған бағалау жүйесі жастарды кәсіби ортаға бейімдеудің тиімді механизміне айналады. Өз кезегінде, бұл шешім еліміздің адами капиталын дамытуға және инновациялық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
«Жасанды интеллектке сүйенген адаптивті тестілеу, автоматты бағалау және аналитикалық жүйелер тест тапсыру барысын барынша әділ, сенімді және объективті етеді. Барлық тапсырмалар ғылыми тұрғыда дәлелденген әдістермен дайындалып, олардың нәтижелері халықаралық деңгейде мойындалатын болады», - деп атап өтті Саясат Нұрбек "UTO Talks" подкастына берген сұхбатта.
Жаңартылған ҰБТ жүйесі білім беру саласында тең мүмкіндіктер мен әділдік қағидаттарын толық қамтамасыз етеді. Тестілеу процесі оқушының орналасқан аймағына, білім беру мекемесінің түріне немесе оқыту тіліне қарамастан, барлық талапкерге бірдей жағдай жасайды. Әрбір қатысушы үшін жеке бейімделген тест тапсырмаларының жинағы қалыптастырылып, бірыңғай бағалау стандарты қолданылады.
Жобаны өндіріске енгізу заманауи цифрлық технологиялар мен озық методологияларға негізделген. ETS тарапынан ұсынылған жаңа модель құрамына жасанды интеллект алгоритмдері, интеллектуалды деректерді талдау жүйелері және заманауи психометриялық әдістер кіреді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61