САЯСАТ

Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлау қорытындысына байланысты азаматтарға алғыс айтып, халықтың сенімі партияға үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті,  деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасап, сайлауалды науқан кезінде көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдірді.

Партия төрағасының айтуынша, науқан барысында еліміздің әр өңірінде тұрғындармен кездесулер өткізіліп, азаматтардың ұсыныстары мен өзекті мәселелері тыңдалған. Ол халықтан түскен пікірлердің алдағы жұмыста ескерілетінін жеткізді.

Айбек Дәдебай сайлау үдерісі ашық әрі әділ өткенін айтып, партиялар арасында бәсекелестік болғанын атап өтті.

Оның сөзінше, сайлаушылардың «Әділет» партиясына білдірген сенімі үлкен жауапкершілік жүктейді. Партия төрағасы халықтың үмітін ақтау үшін алдағы уақытта да аянбай еңбек етуге уәде берді.

«Әділет» партиясы азаматтардың мүддесін қорғау, халықтың ұсыныстары мен талап-тілектерін билікке жеткізу бағытында жұмыс істеуді көздеп отыр. Партия өкілдері сайлауалды науқан кезінде көтерілген мәселелерді алдағы қызметінде назарға алмақ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61