Саясат

Түркістанда сайлау заңдылығын насихаттау бойынша ашық семинар өтті

Бүгін Түркістан қаласында сайлау заңдылығын насихаттау бойынша ашық семинар өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Түркістанқаласында облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаевтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Президентін сайлау бойынша БАҚ беттерінде сайлауды ақпараттандыруда заңдылықты сақтау жөнінде семинар өтті.Аталған семинарды облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – БАҚ өкілдерінің сайлау заңдылықтарын тұрғындар арасында кеңінен насихаттау. Аталған семинарға облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары және БАҚ өкілдері қатысты.

Бірінші болып сөз алған облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішев ОСК тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ, семинарда Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев БАҚ-да сайлауды ақпараттандыру жөніндегі заңдылықты сақтау бойынша баяндама жасап, журналистер қауымына сайлау науқанында БАҚ өкілдерінің ресми тіркелу мәселесін атап өтті.

«БАҚ еліміздегі маңызды қоғамдық-саяси процесті мұқият қарап, белсенді түрде ақпарат таратқаны дұрыс. Бұл тұрғыдан бірқатар редакциялардың белсенділігі жеткілікті деңгейде емес. Сондай-ақ, қоғам сұранысына орай жаңа медиа талабымен жұмыс жүргізу керек. Облыстық және аудандық БАҚ өкілдері сайлауға дейін 7 жұмыс күні бұрын жеке куәлігін және жұмыс жасайтын редакциясының сайлауға қатысты бағыттамасын алып, өздеріне тиісті сайлау комиссиясына барып аккредитациядан өтуі тиіс. Арнайы тіркеуден өткен тілшілер ғана сайлау күні учаскелерден ақпарат тарата алады», деді Б. Тәжібаев

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары М. Отарбаев маусым айында елімізде өтетін ҚР Президенттігіне сайлауға жергілікті тұрғындардың барынша қатысуын қамтамасыз ету және БАҚ-да заңдылықтарды қатаң сақтауға баршаны белсене қатысуға шақырды.