СПОРТ
Қазақстандық 16 жастағы дзюдошы Фатима Супығалиева Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Ол 52 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетіп, Қазақстан тарихындағы осы атақты иеленген алғашқы қыз дзюдошы атанды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. 16 жастағы Фатима Супығалиева кадеттер арасындағы әлем чемпионатында 52 келіге дейінгі салмақта қарсыластарының бәрінен басым түсті.
Гуаякильде өтіп жатқан дүбірлі додада қазақстандық спортшы финалға дейін сәтті жетіп, шешуші белдесуде Украина өкілі Ксения Кирильчукпен кездесті. Фатима финалда қарсыласын жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Бұл нәтиже қазақстандық әйелдер дзюдосы үшін тарихи жетістік саналады. Фатима Супығалиева Қазақстан тарихында кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алған алғашқы қыз спортшы болды.
Жас дзюдошының жеңісімен Қазақстан құрамасының жүлде қоржыны да толықты. Қазіргі таңда ұлттық құрамада 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль бар.
Осы көрсеткіштің арқасында Қазақстан құрамасы кадеттер арасындағы әлем чемпионатының жалпы медальдық есебінде көш бастап келеді.
Айта кетейік, кадеттер арасындағы әлем чемпионаты жас спортшылар үшін халықаралық аренадағы маңызды жарыстардың бірі саналады. Байрақты бәсекеде әлемнің үздік жас дзюдошылары бақ сынап жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61