САЯСАТ
Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) халықаралық бақылаушылар миссиясы Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауын жоғары бағалады. Бақылаушылар дауыс берудің ашық әрі ұйымдасқан өткенін және азаматтардың өз таңдауын еркін жасағанын атап өтті, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
ТүркПА бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы Құрылтай сайлауына қатысты қорытынды бағасын жариялады. Миссия басшысы Осман Местен сайлау учаскелеріндегі дауыс беру процесі бірқалыпты әрі ұйымдасқан өткенін айтты.
Бақылаушылар сайлау заңнамасын, кандидаттар мен сайлаушыларды тіркеу тәртібін, сайлауалды науқанды және дауыс беруге дайындық барысын зерделеген.
23 тамызда өткен сайлау Қазақстанның бір палаталы Құрылтай жүйесіне көшкеннен кейінгі алғашқы парламенттік сайлау болды.
Дауыс беру күні ТүркПА өкілдері Астана мен Алматыдағы сайлау учаскелерін аралап, олардың ашылуынан бастап дауыстарды санауға дейінгі процесті бақылады.
«Сайлаушылар өз таңдауын еркін жасап, дауыс беру құқығын еш кедергісіз жүзеге асыра алды», – деді Осман Местен.
Миссия мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да қажетті жағдай жасалғанын атап өтті. Учаскелерде пандустар, Брайль қарпіндегі материалдар және көру мен есту қабілеті шектеулі азаматтарға арналған арнайы құралдар болған.
ТүркПА комиссиясының мүшесі Махмұт Өзер Қазақстандағы сайлаудың халықаралық бақылаушылар үшін ашық өткеніне назар аударды. Оның айтуынша, денсаулығына байланысты учаскеге бара алмайтын және шетелде жүрген азаматтардың дауыс беруіне де жағдай жасалған.
Миссия қорытындысында Қазақстандағы Құрылтай сайлауы ашық әрі ұйымдасқан түрде өтіп, азаматтардың еркін таңдау жасауына мүмкіндік бергені атап өтілді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61