САЯСАТ

Тәуелсіз байқаушылар: Құрылтай сайлауында заңбұзушылықтар тіркелген жоқ

Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты қорытындысын жариялады. Олардың мәліметінше, дауыс беру ұйымдасқан әрі тыныш өтіп, заңбұзушылықтар тіркелмеген,  деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Бұл туралы штаб жетекшісі Рафаэль Гасанов Алматы қаласының Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, штабтың ақпараттық желісі еліміздің барлық 20 өңірін қамтып, сайлау учаскелеріндегі жағдай туралы мәліметтерді күні бойы жинаған. Өңірлік өкілдердің хабарлауынша, учаскелер дауыс беруге дайын болып, азаматтарға қажетті жағдай жасалған.

Байқаушылар сайлау процесінің ашық өткенін атап өтті. Учаскелерде бақылаушылар мен БАҚ өкілдері жұмыс істеген. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың дауыс беруіне де жағдай қарастырылған.

Штаб сайлаушылардың белсенділігін де атап өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала дерегіне сәйкес, дауыс беруге қатысу көрсеткіші 74,19% болып, 9,3 миллионнан астам адам дауыс берген.

Рафаэль Гасанов бұл көрсеткіш азаматтардың саяси процеске белсенді қатысуын көрсететінін айтты.

Штаб мәліметінше, сайлау күні учаскелерде тыныш әрі тұрақты ахуал сақталған. Өңірлерден түскен ақпарат жергілікті өкілдер арқылы тексеріліп отырған.

Осылайша, Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы сайлау науқаны аясындағы жұмысын аяқтағанын мәлімдеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61