САЯСАТ
Астанада «Сайлау-2026: қорытынды және жаңа саяси белес» сараптамалық платформасы өтіп, алғашқы Құрылтай сайлауының қорытындылары мен Қазақстанның саяси дамуындағы жаңа кезең талқыланды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Жиынға қазақстандық және халықаралық саясаттанушылар, сайлау сарапшылары, қоғамдық бақылаушылар қатысты.
Сарапшылар 23 тамыздағы сайлауды жаңа Конституциядан кейінгі алғашқы бүкілхалықтық дауыс беру ретінде бағалады. Азаматтар алғаш рет бір палаталы Құрылтай депутаттарын партиялық тізімдер арқылы таңдады.
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов сайлаушылардың жоғары белсенділігі қоғамның саяси өзгерістерге қызығушылығын көрсететінін айтты. Халықаралық сарапшы Доменико Палмиери де 70%-дан жоғары қатысу көрсеткішіне назар аударды.
Талқылау барысында жаңа Құрылтайдың заңнамалық басымдықтары, саяси партиялардың рөлі, қоғамдық бақылау және сайлау науқанының ақпараттық қыры сөз болды. Сарапшылар жасанды интеллект пен deepfake технологияларының саяси коммуникацияда кеңінен қолданылғанын атап өтті.
Жиын қорытындысында мамандар алғашқы Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа конституциялық моделін іске асырудағы маңызды кезең болғанын айтты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61